апостроф

Ағылшын тілі грамматикасы. 4-сабақ: Апострофтың қолданылуы

Апостроф () орфографиялық таңба. Ағылшын тілінде апострофты қолданатын үш түрлі жағдай бар:

зат есімнің тәуелденуі;
айтылмайтын (оқылмайтын) әріптердің орнын ауыстыру;
сандардың, бас әріптердің және аббревиатуралардың (қысқарма) көпше түрлері s арқылы жасалғанда.
Зат есімдердің тәуелденуі

Ағылшын тілінде зат есімдерді тәуелдеген кезде s тіркесі қолданылады. алайда, бұл барлық жағдайлар үшін жарамды емес. Егер Менің кітабым деген тіркесті ағылшыншаға аударсақ My book болады. Ал Ер баланың кітабы деген тіркесті аударсақ the boys book Болады. Бұдан шығар қорытынды: Зат есімді зат есімге тәуелдегенде s тіркесі қолданылады.s тіркесті жалғауы of көмекші сөзін ауыстырады. Мысалы:

the girls bag = the bag of the girl (қыздың сөмкесі)

the boys T-shirt = the T-shirt of the boy (баланың футболкасы)

Jamess (немесе James) ball (Джеймстің добы)

Көпше түрдегі зат есімдерге бір зат тәуелденгенде s жалғауы екі түрлі болып жалғанады.

егер көпше түрдегі зат есім -s әрпіне аяқталса, онда, зат есімнің соңғы -s әрпінен соң тек қана апостроф қойылады: the friends book, the houses roof

егер көпше түрдегі зат есім басқа әріптермен аяқталса, онда, апостроп зат есімге -s әрпінен бұрын жалғанады: the childrens game, the mens sock

Апостроф қойылмайтын жағдайлар

Егер затты тәуелдеп тұрған of көмекші сөзі болса, of-тан кейін үй, ғимарат, объект немесе жиһаз деген сөздер тұратын болса, оларды s формасында тәуелдегенде ешқандай апостроф, s әрпі жазылмайды. Мысалы: door of the car = car door, room of the hotel = hotel room, leg of the table = table leg

Есте сақтаңыз!

Бір зат екі немесе бірнеше сөздерден топтанып тұратын зат есімге тәуелденіп тұрса, s тәуелдік жалғауы соңғы сөзге жалғанады. Мысалы:

the brother-in-lows sister, Sapar and Madinas son,

Айтылмайтын (оқылмайтын) әріптердің орнын ауыстыру

Байқасаңыздар, ағылшын тіліндегі кейбір сөздер бір-біріне кіріге біріккенде араларындағы әріптер түсіп қалып, олардың орнына апостроф қойылады. Оған ең қарапайым мысал: Im = I am, do not = dont, can not = cant, who is = whos, т.с.с.

Сандар қысқартылып жазылған жағдайда да апостроф қойылады. Мысалы: 60 = 1960

Сандардың, бас әріптердің және аббревиатуралардың (қысқарма) көпше түрлері s арқылы жасалғанда апостроф қойылатын да қойылмайтын да жағдайлар бар. Мысалы:

He has a problem with rs (Р әріптерін айтуға қиналады. Мысалы, мәтіндегі Р әріптері).

Егер апострофтың алдында сан, таңба (символ) немесе бас әріп келетін болса, апостроф түсіп қалады да тек s әрпі жалғанады. Мысалы: I have got tree Samsung H1s = three of Samsung H1 mobile phones.

the 1970s = from 1970 to 1979 (70-ші жылдар).

Ескерту

Тәуелділік есімдіктеріне (possessive pronouns) ешқандай s жалғауы жалғанбайды. Мысалы:

wrong (қате) and right (дұрыс) forms

wrong: mys pen, right: my pen (менің қаламым)

wrong: his ball, right: his ball (оның добы)

wrong: a friend of yours, right: a friend of yours (сенің досың)

Leave a Comment